Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі
Сайыста ел намысын қорғау мәртебелі міндет, әрі үлкен абырой екенін айтты. Десе де 100 мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, жолдама ұтып алудың өзі – паралимпиадашылар үшін үлкен жеңіс. Президент табандылық пен кәсіби дайындығын көрсете білген әр спортшыны қазірдің өзінде жеңімпаз санайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өздеріңізді барша отандасымыз мақтан тұтады. Паралимпиадашылар қашанда да қажымас қайрат пен қайсарлықтың символы саналды. Осы саланың дамуына сіздер сияқты спортшылар көп үлес қосуда. Бүкіл елімізе 20 мыңға жуық азамат параспорт түрімен жүйелі айналысады. 500 спортшы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Біз паралимпиадалық спорт түрін дамыту үшін қажет жағдайды жасаймыз.
Раушан Қойшыбаева, Рио-де-Жанейро паралимпиадасының күміс жүлдегері:
- Үкімет параспорттшыларға олимпиадашылармен тең түрде қарап жатқанына мен өте ризамын. 2016 жылғы Олимпиададан кейін біздің жарысқа қатысқан әрбір қадамымызды көріп, қатарымызға қаншама адам қосыла бастады. Әрбір спортшының арманы – Олимп шыңын бағындыру.