Универсиада 2023: Қазақстандық құрама 9-орынды тұрақтады
Қазақстан құрамасының студенттері сейсенбіде спорттың төрт түрі бойынша жүлде бөлісіне араласқан. Алайда үздіктер қатарынан көріне алған жоқ. Бірде сәттілік жетіспеді, енді бірде тәжірибенің жоқтығы байқалды. Үміт күткен шаңғышыларымыз бұл жолы да шапшаңдық таныта алмады. Қыздар арасында ең үздік нәтиже көрсеткен Ксения Шалыгина жүлделі орынға бір табан жетпей 4-ші сатыға тұрақтады. Дәл осы классикалық әдіспен 10 шақырымға жүгірген ерлер арасында тәжірибелі деген Иван Люфт пен Святослав Матасов ондыққа да кіре алған жоқ. Жігіттердің ішенен 20 жастағы Ернұр Бексұлтан жарады. Универсиададағы алғашқы жарысына қатысқан жерлесіміз 82 үміткердің ішінен мәре сызығын 12-ші болып кесті.
Ернұр Бексұлтан, шаңғышы:
-Трасса өте қиын, оңай емес, өзім борышымды өтедім деп ойлаймын. Ертеңгі күні 10 километрлік еркін стильде қашықтыққа болады. Соған тырысамын бұйырса. Қарсыластар әрине оңай емес. Бәрі де жақсы, бәрі де өте мықты. Сондықтан бұған дайын келдім, мықты екенін білдім. Мүмкіндік бар. Олар да біз сияқты адамдар. Біз де олар сияқтымыз, барымды саламын деген ойдамын. Біздерге сеніңіздер.