Хабар телеарнасы

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

Бірінші матчта ол әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің ең жоғары рейтингісіне ие қытайлық Хоу Ифанды тізе бүктірді. Кеше елордада алғаш рет шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасының Әлем құрамасына қарсы турнирі басталған болатын. Бірінші күн шетелдік спортшылардың басымдығымен аяқталған еді.