Жетісу облысында қазақ күресінен турнир өтті
Жетісу облысында қазақ күресінен «Жаркент шекара барысы» турнирі өтті.
Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының 100 жылдығына арналған жарысқа жергілікті және көршілес аймақтағы әскери бөлімшелерден келген 31 балуан қатысты.
Жеребе негізінде екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекеде Болат Рақышев қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Үздік үштікке ілінген балуандардан бөлек, көрермен көзайымы, жақсы әдіс жасаған және жеңіске деген құлшынысымен ерекшеленгендер марапатталды.
Болат Рақышев, жарыс жеңімпазы:
- Бұл жарысқа біз үш ай көлемінде дайындалдық. Бұның алдында өзіміздің шекара құрылымдары арасында Қазақстан чемпионаты болған, соған қатыстық. Сол дайындықтың арқасында жақсы нәтижеге жеттік.