Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 100 мыңнан астам турист келеді
Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 2,5 мың спортшы, 100 мыңнан астам турист келеді. Оларға 32 қонақ үй, 7 спорттық нысан дайындалып жатыр. «Спорт - бейбітшілік елшісі» көрмесінде Туризм және спорт Вице-министрі Серік Жарасбаев осылай деді. Қазақстанның Дипломатиялық қызмет күні мен Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының 100 жылдығына арналған шараға шетелдік қонақтар мен журналистер қатысып, ұлттық спорт түрлерімен танысты. Күзде өтетін көшпенділер ойындарында ғылыми-практикалық конференция өтіп, ұлттық спортты дамыту мәселесі талқыға түседі.