Елордада күрес түрлерінен чемпиондар лигасы бастау алды. Спорт жаңалықтары
«Дала қырандары» деп айдар таққан балуандар бәсекесі жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Мұнда спортшылар қазақ күресі, грек-рим және еркін күрес пен дзюдодан сынға түсті. Республикалық турнир төрт турдан тұрады. Жарыс бағдарламасы бойынша балуандар ұпай жинау арқылы жеңімпазды анықтайды. Әр салмақта үздік шыққан сегіз балуан финалдық турға жолдама алады. Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі желтоқсан айында Астанада өтеді.
Алмат Кебісбаев, әлем чемпионатының жүлдегері:
- Келесі турымыз қыркүйек айында, одан кейін қараша-желтоқсан айында ақтық турлар болады. Спортшыларға есігіміз айқара ашық. Регионда іріктеуден өтпей қалған балуан келе алмайды ғой. Мына жерде кез келген бала келіп қатыса алады.