Хабар телеарнасы

Паралимпиадашы Кәмиля Досмаловаға пәтер табысталды

Алматы әкімдігінде Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмаловаға сый-құрмет көрсетілді. Кәмиля Досмалова – пара-таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновті ерік-жігер мен табандылық танытқандарын атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Кездесу барысында спортшы мен бапкерге  Премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан алғысхаттарды табыс етті.

Бейбіт Шаханов, қала әкімінің орынбасары:

- Қазақстандық жанкүйерлер сіздің бойыңыздағы шынайы отансүйгіштік сезім мен жеңіске деген шексіз рухқа тәнті болды. Спорт кез келген мемлекеттің мерейін үстем етеді. Еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт және еңбегіңізге толайым табыс тілейміз. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов. Құтты болсын!

Сонымен қатар Кәмиля Досмаловаға 2 млн теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 млн теңгелік сертификат табысталды. Спортшыға 1 бөлмелі қызметтік баспана берілді.

Кәмиля Досмалова, Паралимпиада ойындарының қатысушысы:

- Көрсетен сый-құрметке және де менің қанша жылғы еңбегіміді бағалағанға үлкен алғысымды білдіремін. Өте қуаныштымын! Осындай параспортшыларды жүлделі орын алмасам да, мен үшін барынша құрмет көрсетіп жатсыздар. Қандай көмек керек деп сұрақ қойып, маған қажетті көмек көрсеткендеріңізге үлен алғысымды білдіремін.

Өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медальді жеңіп алды.

Алмас Садуақас