Алматыда баскетболдан жастар арасындағы ел біріншілігі мәреге таяп қалды
Алматыда баскетболдан 15 жасқа дейінгі командалар арасындағы күзгі ел біріншілігі мәреге таяп қалды. Төрт топқа бөлінген 15 команда өзара шеберлік байқасып үздіктер плей-офф кезеңіне жолдама алды. Яғни «А» тобында Атыраудың «Барсы» командасы оза шапты.
Топтық кезеңнің үздік ойыншысы Байораз Радмирға сенім артқан жетісулықтар да финалдық кезең жолдамасынан үмітті болған. Алайда шешуші ойында «Атыраудан» айласын асыра алған жоқ. «Б» тобында алаң иелері «Алматы» құрамасының асығы алшысынан түсті. Қарағандылық өрендер «С» тобында оза шапса, үш ойында да ұпай жоғалтпаған шымкенттік жастар «Д» тобында оза шауып, финалдық кезеңге жолдама алды. Аталған 4 мықты енді өзара жеңімпазды анықтайтын болады.
Иван Гайна, мемлекеттік жаттықтырушы:
- 15 жастағы баскетболшылардың күзгі біріншілігі тартысқа толы. Әсіресе А тобында сынға түскен үш команданың да финалдық кезеңге шығатын мүмкіндігі болды. Тек соңғы сәтте ғана жекелей көрсеткіштер бойынша Атыраудың «Барсы» командасы финалдық кезеңге шықты. Алматы мен Шымкент және қарағандықлық баскетболшылардың да қарқыны жақсы. Сондықтан дәл қазір жеңімпаз кім болады деген сауалға дөп басып айту қиындау.
Жандос Айтбайұлы