Хабар телеарнасы

Астанада футболдан балалар арасындағы турнир өтті

Астанада футболдан балалар арасындағы турнир өтті. Бұл жарыстың ерекшелігі ұлттық құрамаға іліне алмаған өрендерге қосымша мүмкіндік беріліп отыр. Яғни, ішкі іріктеуде жолы болмаған командалар өзара бас қосып, мықтыны анықтады. Нәтижесінде көзге түскен футболшылар бапкерлердің тізімін толықтырды. «Бұндай жарыстар тасада қалған таланттарды анықтап, оларға жол ашуға бағытталған», – дейді №8 спорт мектебінің басшысы Еркебұлан Жомарт. Сонымен елордадағы турнирге бас-аяғы 8 команда жиналды. Олар алдымен топтық кезеңде бақ сынап, артынша плей-офф және финалдық ойындар болды. №1 спорт мектебінің командасы топ жарған, турнирде, Нұсұлтан Дүйсенбаев пен Бақдаулет Кәрімов және Мақсат Тұрсымұрат есімді балалар үздік атанып, арнайы сыйлықтарға ие болды.