Шаңғышы Анастасия Городко универсиадада екінші алтынды жеңіп алды
Фристайлдың могул түрінен сынға түскен спортшыларды қалай мақтасақ та жарасады.
Қоржынымызға 2 алтын, 2 күміс медаль салды. Анастасия Городко бабында екенін Шымбұлақта байқатқан. Жылдамдық жағынан ғана емес, секіру кезінде де жаттығуларын сауатты орындап, дүниежүзілік жарыста оза шапқан еді.
Италия жерінде жұлдызы жанды. Алдымен могулде мықты екенін дәлелдесе, паралельді могулде де қарсыластарының алдын орады. Бір кереметі, финалда қазақстандық қос спортшы өзара бас жүлдені сарапқа салған болатын. Аяулым Әміренова жерлесіне жол беріп, күміс жүлдеге иелік етті. Тағы бір күміс медаль Антон Бондаревтің еншісінде. Ол паралелльді могулде жапон жігіті Шим Кавокеден қалып қойды.
Қазақ таэквондосының басшылық құрамы ауысқалы оң өзгерістер орын алып жатыр.
Яғни федерация тізгінін ұстаған Құдірет Игнатұлы алдымен ішкі жарыстардың таза өтуін талап етті. Рас, әділдік болған жерде ғана шын мықтылар шығып жатады.
Осылайша өткен жылы Алматы облысында өткен ұлттық біріншілікке шетелден төрешілер шақыртылып, жас таланттардың көсілуіне кең өріс ашылды. Енді міне, Париж Олимпиадасында Тунис таэквондасын төрге шығарған Есбол Сұлтановқа ұлттық құраманың тізгінін сеніп тапсырды.
Жас та болса, тәжірибесі толысқан мамандар енді ел спортының ертеңі үшін жұмыла кіріссе, алынбайтын қамал жоқ. Соңғы жылдары тұралап қалған таэквондымыз тура жолға түсіп, төртжылдықтың басты додасында спортшылар ел мерейін асқақтатады деген үміт басым.