Төл өнерімізді жаңаша форматта жастарға насихаттау – «Алтыбақан» жобасының басты мақсаты. Бұл бағдарламада бабадан балаға мирас болып, заман көшімен жалғасып келе жатқан әдет-ғұрып пен салт-дәстүр салтанат құрады. Кестелі жыр төгіліп, сүбелі сөз айтылады. Әр сенбі сағат 18:00-де «Алтыбақан» мәдени-танымдық музыкалық шоуын тамашалап, сазды әуенмен сусындаңыз!
Алма Аманжолова, «Алатау» фольклорлық ансамблі – «Алатау»
Нұрай Айтуарова – «Науысқы»
Шолпан Даржанова – «Алатау алабында»
Арайлым Рақымқызы – «Жан-жақтағы бауырлар»
Ерболат Шалдыбеков – «Төгейін жырды халқыма»
Қанат, Айтгүл Құдайбергеновтер – «Керім-ай»
Жігер Бертісов және ішекті аспаптар квартеті – «Салтанат»
Нұржан Жанпейісов – «Айнам-ау»
Ербол Үсенбаев – «Кездесу»
Ұйғыр этнографиялық ансамблі – «Ташвай»
«Құлан саз» би ансамблі – «Балауса»