Закария Әушақымұлы Түгелбаев ұзақ уақыт блокадада болған, Ленинград қаласы маңындағы ұрыстарға қатысқан ержүрек қазақ азаматы. Ол – Ақмола қаласының тумасы.
Сұрапыл соғыс жылдары жасаған ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендеріне, сондай-ақ «Майдандағы ерлігі үшін» медальдарына ие болған.
1944 жылы қиян-кескі шайқаста жау блиндажын толықтай жойған қазақ жауынгері бұрқыраған пулемет оғынан ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Содан ол 1947 жылы ғана еліне оралған.
Закария Түгелбаев – бейбіт өмірде еселі еңбегімен көзге түскен жан.
Авторы: Жанат Түгелбаев