Бұл еліміз бойынша жүріп жатқан акцияның заңды жалғасы. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстанда тұрып жатқан 5115 майдангердің барлығына Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды.
Ұос бойынша барлық жаңалықтар
Қатерге бас тігіп, қажет кезінде халқына қалқан болғандар ешқашан ел жадынан өшпек емес. Сондай ардагер азаматтардың бірі - Ақжайық өңірінің тумасы жеңісті жақындатуға үлесін қосқан Қалам Сүйіншәлиев.
Айша Абдуллина жаратылысы нәзік болғанымен, өмір жолы сан соқпақтан құралған. Қуанышы мен қайғысы қатар жүрсе де, өнерге деген адалдығы, Отанға деген махаббаты ешқашан сөнген емес.
Қарағанды қаласында тұратын Пастуховтар жанұясы үшін 2015 жыл мерекеге толы. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, әрі шаңырақ көтергендеріне де 70 жыл толып отыр. Ардагерлердің екеуі де соғысқа қатысып, кейін табаны күректей 40 жыл еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек еткен. Қос мереке қарсаңында Елбасы Пастуховтар жанұясын құттықтап, хат жолдады.
Әбілжан Нұрмағанбетов: Бағалағанға бақ тұрақтайды, еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға тиіспіз
Қостанай облысында қазір көзі тірі 368 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Олардың барлығына Президенттің өзі қол қойған құттықтау хат пен арнайы жаңажылдық сый-сияпаттар табыс етілуде.
Фашизмге қарсы күресте Кеңес әскері қатарында талай қазақ жауынгерлері ерен ерлік көрсетті. Солардың ішінде көкшетаулық Елдес Қоңыров та бар. Бүгінде жасы 90-ға таяған қарт сарбаз, қоғам өміріне белсене араласып, жастарға ақыл-кеңесін айтып отырады.
1943 жылы небары 18 жасында майданға аттанған Нұрым Нұрқадіров алғашында Днепр жағалауында зеңбірек атуға машықтанады. Қару-жарақтың тілін жетік меңгерген соң Екінші Украина майданына аттанып, 318-атқыштар дивизиясының 70-артиллерия полкі құрамында шайқасқа қатысады.
Келер жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл. Сондай-ақ ТМД бойынша 2015 жыл Ардагерлер жылы болып бекітілді. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет шарасы өтуде.
Ғасырлық мерейтоймен құттықтауға ардагердің үйіне ұлттық гвардия және жергілікті билік басшылары келді.
Елбасының сыйлығын алған ардагерлердің қуанышында шек жоқ.
Қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Кузнецов Польшаны азат ету шайқасында ауыр жараланған. Батыр жауынгер елге оралған соң да қарап жатпай, энергетика саласында ұзақ уақыт жемісті еңбек еткен.
Келер жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толады. Сондай-ақ ТМД елдерінде ардагер жылы аталып өтіледі. Бүгіннен бастап желтоқсанның 30-ына дейін республика бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдаудың жалпыұлттық акциясы өтеді.
Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері Президент саясатын толық қолдайды. Сардарлар мен сарбаздардың бір тобы мұны өз істерімен де дәлелдеді.