Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Алтайдың ар жағынан келген ару» деректі фильмі

«Қимайтын жан екенсің жат ұяға, Қарғам-ау, кез болдың-ау қапияда, шіркін!». Бұл ән – қазақ қызын аспан асты еліне қимастық сезімінен туындаған, Тынышбай Рахымовтың шығармасы. Тыңдарманның жүрегінен өз орнын тапқан «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің тарихын осы бағдарламадан біле аласыздар. Автордың жары, замандастары, әннің орындаушысы өздерінің естеліктерімен бөліседі.