«Арыс: үрейден үмітке дейін» деректі фильмі
24 маусым. Еліміздің оңтүстігіндегі шағын ғана Арыс қаласы. Таңғы мезгіл. Сенбі мен жексенбідегі демалыстан кейін ұйқыдан оянған жұрт жаңа аптаның ырғағына кіріскен. Балаларын балабақшаға алып барып, өздері жұмысқа асыққан, ауладағы тірлікке кіріскен кез. Бәрі үйреншікті көрініс. Кенет естімеген дыбыс. Күтпеген жарылыс.
Содан бері бір жарым ай өтті. Осы уақыт ішінде не жасалды? Қаланы қалпына келтіру қалай жүзеге асты?