«Қазақтың қоңыры» деректі фильмі | НҰРЛАН ӨНЕРБАЕВ туралы
Қоңырайып жатыр алда жол әлі,
Кеудем кейде қоңыр күйге толады.
Қоңыр әнмен қазақ бесік тербетіп,
Өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы.
Жұмекен ақынның қазақы болмысты қаз қалпында жеткізген жыр жолдары қазақтың қоңыр даласын қоңыр үнімен тербеткен өнер иесі Нұрлан Өнербаевтың өмір жолын көз алдыңа әкеледі. Өнерге өз өрнегін өзгеше салған Өнербаевты алты Алаш «Ауылым» әнімен таныды.
Бүгінде ауыл баласы алпыстың асқарына шықты. Қоңыр күздің қарашасында туған ол мерейлі жасын қара шаңырақта қарсы алды.