«Хабар» Агенттігінің білікті мамандары өнер академиясында шеберлік сабақ өткізді
Тележурналистикада жинаған тәжірибесімен бөлісіп, сауалдарға жауап берді. Сюжеттердің сәтті шығуы – оператордың жұмысына тікелей байланысты. Телебағдарламалар – бірнеше маманның бірлескен жұмысының нәтижесі. «Хабар» Агенттігінің телеоператоры Нұрдәулет Жақсыбаев та өнер ордасының жастарына өз ісінің қыр-сырын түсіндіріп берді.
Айдана Медетова, студент:
- Продюсер мамандығымен телевидение саласында жұмыс істегім келеді. Сол себепті маған пайдалы болған өте көп мәлімет алдым.