Хабар телеарнасы

Junior Eurovision 2020: 12 үміткер ақтық сынға қызу дайындық үстінде

Ырғақты би әуендерімен танымал Әли Оқаповтың «Асыл арман» және «Ғажайып шексіздік» атты әндерін байқауда бағын сынайтын Айым Мукитанова мен Жан Маким орындайды. Қазақ және ағылшын тілінде айтылатын әндер – шығармашылық топтың жемісі. Қазақ тіліндегі мәтінді Данияр Өтеген, ал ағылшын тіліндегісін Тимур Балымбетов пен Райхан Мухлис жазған. Ұлттық іріктеудің гала-концерті 26 қыркүйек күні «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Әли Оқапов, әнші:

- Үшеуі де әнші. Сондықтан ағылшынша кейбіреулері дұрыс білмеуі мүмкін. Сондықтан мен олардан вокалистер ретінде көмек сұрадым. Балаларға түсінікті болу үшін біз 3-4 нұсқа жаздық. Барлығын бітірген сияқтымыз. Өткен аптада балалармен дайындықта болдым, кездестім. Көңілімнен шықты. Шынымен де әндері өздеріне құйып қойғандай жарасып тұр.