«Хабар» арнасында «Маска» музыкалық шоуының басталуына 10 күн қалды
Бұл шоу бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяда пайда болды.
Жексенбі кеші. Мыңдаған оңтүстіккореялық үйіне асығып барады. Себебі бірнеше сағаттан кейін MBC телеарнасында «Маска» шоуы басталады. Алғашқы бағдарлама 2015 жылдың сәуірінде эфирге шықты және әлі күнге дейін оның рейтингі өте жоғары.
О Сон Мин, Сеул тұрғыны:
- Қатысушылар масканы алып тастағанда, бұл әйгілі актер немесе әнші екені анықталғанда, сіз бұл бағдарламаның не үшін жасалғанын түсіне бастайсыз.
Мун Джи Хун, Сеул тұрғыны:
- Мен де бағдарламаға қатысқым келеді. Адам сахнаға шығып ән айтады. Мен маска астында кім жасырылғанын білгім келеді, сондықтан орындаушының дауысына назар аударып, мұқият тыңдаймын.
Ким Дже Бин, Сеул тұрғыны:
- Қатысушылар маска киіп, дауыстарын, сөйлеу мәнері мен әдеттерін өзгертеді, соның арқасында әнші талантын жаңа қырынан көруге болады.
Владислав Цой, тілші:
- Оңтүстік Кореядағы шоудың атауы біршама ұзын. «Бетін жасырған алаяқ-король» деп аталады. Кореялық кейіпкерлер жануар, жеміс немесе көкөніс кейпінде жүреді.
Кореялық шоуға 14 кейіпкер қатысады. Көбіне олар – кәсіби әншілер. Арасында әлемде танымал әртістер бар. BTS әншісі Чон Гук та қатысты. Ал рок-музыкант Ха Ен У өз даусының кең диапазонын көрсетті және оны ұзақ уақыт бойы ешкім таныған жоқ.
Хо Чон Сук, MBC телеарнасының бөлім басшысы:
- Кастингтік бағдарламалар өте көп болды, бірақ олардың арасында «Маска» шоуы қатысушысының аты-жөнін құпия сақтауымен ерекшеленеді.
Қазақстан «Маска» шоуы көрсетілетін 55-елге айналды. Кореядағыдай оның 14 қатысушысы бар. Олардың екеуі алтын адам мен көбелек маскасын киіп шығатыны белгілі. 21 наурыз күні сағат 19:15-те «Хабар» телеарнасында «Маска» шоуын жіберіп алмаңыз.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян