02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

EL ARNA телеарнасына жаңа директор тағайындалды

EL ARNA телеарнасына жаңа директор тағайындалды

EL ARNA телеарнасы директоры қызметіне Камила Асқарқызы Камназарова тағайындалды.

Камила Асқарқызы Алматы халықаралық журналистика институтын «халықаралық журналист», ал Almaty Management University оқу орнын «іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кәсіби қызметін 2000 жылы «Қазақстан» РТРК жаңалықтар қызметінің тілшісі ретінде бастады. 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Хабар» Агенттігінде еңбек етіп келеді. Агенттіктегі еңбек жолында телеарна редакторы, продюсері, шеф-редакторы қызметтерін атқарып, бірнеше авторлық жобаның жүргізушісі болды. Атап айтар болсақ, «Линия судьбы», дипломаттар туралы «Persona grata», ғылым тақырыбындағы «Perpetuum mobile», туризм саласына байланысты «Travel guide» және т.б.


Сондай-ақ...