Хабар телеарнасы

«Хабар 24» YouTube каналына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті

«Хабар 24» YouTube каналына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті

«Күміс батырманы» 2019 жылы қоржынына салған «Хабар 24» небәрі 2 жылдың ішінде тұрақты оқырмандар санын миллионға жеткізді. Тек 2020 жылдың өзінде каналға жазылушылар саны орта есеппен 500 000 адамды құрады.

Бүгінгі таңда телеарнаның YouTube каналындағы қаралым саны 487,6 млн-нан асады, бұл 24 млн сағаттан астам уақытты құрайды! «Хабар 24» өзекті жаңалықтар мен оқиғаларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендерге онлайн және тегін тамашалауға мүмкіндік береді.