Байланыс саласының еңбек сіңірген қызметкері Валентина Ключникова қайтыс болды
Валентина Ефимовна телерадиохабар тарату жүйесінде 45 жылдан астам еңбек етті. Ол «Хабар» Агенттігі» АҚ-да техникалық дирекцияның техника жөніндегі директоры лауазымын атқарды, кейінірек Агенттіктің бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды. Валентина Ефимовна Қазақстанда цифрлық хабар таратуға көшуге дайындық жұмыстарына қатысты. Ол әрдайым әріптестеріне үлгі және жас қызметкерлерге тәлімгер болды.
«Хабар» Агенттігінің ұжымы мен басшылығы Валентина Ефимовнаның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.