02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеудің 10 финалисі анықталады

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеудің 10 финалисі анықталады

12 қазан күні сағат 22:40-та «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу құқығы үшін жарысқан 10 орындаушының есімі белгілі болады.

Көрермендердің онлайн-дауыс беру нәтижелері жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланады.

Қазіргі уақытқа дейін Ұлттық іріктеудің онлайн-дауыс беру барысында 230 мыңнан астам дауыс жиналды.

Биыл да өткен жылғыдай еліміздің сазгерлері финалистерге арнайы 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 10 әнді жазып береді. «Junior Eurovision» Ұлттық іріктеу жеңімпазы әділ қазылар алқасының бағалауы мен қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның төртінші мәрте қатысуы – «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Аталмыш байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының  Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде. Жоба «Хабар» Агенттігінің серіктесі – «ADAM media group» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

@jevision.kz

@msm.govrk

Сондай-ақ...