«Хабар» арнасында «Қасіретті қаңтар. Мародёрлар» фильмінің көрсетіледі
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» Агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» фильмін көрсеткен болатын. Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін туындының сюжеттік желісі қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделді.
«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты екінші фильмде көрермен назарына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтардың эксклюзив сұхбаттары ұсынылады. Фильм мародерлар туралы жаңа фактілерді талқылап, олардың өзіндік пікірлерін ашып көрсетеді.
Айгүл Әділова, жоба авторы:
- Қазір қоғамға елімізде туындаған қиындықтар кезінде өз пайдасын ойлаған мародерлардың іс-әрекеті күрделі мәселе екенін түсіндіру өте маңызды. Фильмнің мақсаты мародерлардың әрекеттерін ашық көрсетіп, олардың көзқарастарын, қылмыс жасауға ненің итермелегенін білу болды. Адамдарға жазаның қолданылмай қалмайтынын түсіндіру қажет.
«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» деректі фильмінің көрсетілімін бүгін, 23 ақпан күні, сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан көріңіздер.