«Хабар» телеарнасы «Жеті қазына» мегажобасын ұсынады
«Хабар» телеарнасы ұлттық өнерді дәріптеп, насихаттау мақсатында жаңа маусымда көрерменге «Жеті қазына» мегажобасын ұсынады.
Бағдарламаның түсірілімі басталды. Оған өңірлерден әнші-биші өнерпаздар, спортшылар, айтыскерлер қатысты. Күй, би, айтыс, күрес, арқан тартыс секілді 10 аталымда бақ сынайды. Тіпті «Ауылдың алты ауызы» номинациясы да бар. Өнермен қатар ұлттық спорт та насихатталатын бағдарлама 4 қыркүйектен әр жексенбі сайын «Хабар» теларнасында кешкі сағат 7:00 – де көрерменге жол тартады.
Берік Уәли, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:
-Жеті қазына жобасындағы негізгі мақсат ұлттық руханиятымызды, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Бұл жерде енді шоу да бар, ән де бар, жыр да бар, күрес те бар, бәрі бар. Бұл енді нағыз көрермендерге жаңа маусымдағы «Хабар» агенттігінің тамаша жобасы деп ойлаймыз.
Мегажобаны түсіру жұмыстарын алғашқы күннен бастап «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы өзі бақылады. Өнерпаздар жобаның ерекше екенін, жеңісті қолдан бермеу үшін барынша күш салатындарын айтты