Иран мен Оман Ормуз бұғазы бойынша келісімге келді

  • 0
  • 08.10.2026, 18:46

Ормуз бойынша келісім

Иран мен Оман Ормуз бойынша келісімге келді. Олар бұғаздағы қауіпсіз кеме бағдарларын айқындаған. Жоспар тиісті халықаралық ұйымның қарауына жіберіледі. Бұл туралы Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи хабарлады. Ал АҚШ-тың Қарулы күштері Ормуз бұғазы Вашингтон мен оның одақтастарының толық бақылауында деп отыр. Пентагонның дерегінше Ормуз арқылы күніне 20 миллион баррельге жуық мұнай тасымалданады.

Хуситтер соққы жасады

Хуситтер Сауд Арабиясындағы екі әуежайға соққы жасады. Шабуыл Абха халықаралық әуежайы мен Эр-Риядтағы Халид патша атындағы әуежайға бағытталған. Сауд Арабиясы шабуылдан үш адам қаза тауып, тағы 36 адам жараланғанын хабарлады. Әуежайлардағы жолаушылар мен әуе рейстерінің қауіпсіздігін қамту шаралары күшейтілді.

Індет өршіп барады

Конгода Эбола дерті дес бермей тұр. Әсіресе Солтүстік Киву провинциясында індет өршіп барады. 8 мың 600 адам дертті жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 4 мыңнан асып кетті. Олардың 60 пайыздан астамы үйінде қайтыс болған. Көбі ауру белгілерін жасырып, дәрігерге қаралмаған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Тедрос Гебрейесустің айтуынша елдегі емханалар мен зертханаларда маман тапшы.