Хабар телеарнасы

Қытайлық сарапшылар COVID-19-дың жаңа толқынын болжады

Koronavirus

Бұл туралы «Хуаньцюван» порталы Шанхайдағы COVID-19 пандемиясын емдейтін сараптамалық топтың жетекшісі Чжан Вэньхунға сілтеме жасап хабарлады. «Дерт Оңтүстік Америка, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне де тарай бастады, сондықтан математикалық модельге сәйкес алдағы қыста да бәрінің үйде отыруы әбден мүмкін», – деп қосты ол.

Алайда Чжан Вэньхун қазіргі індет уақытындағы диагностика саласында жинақталған тәжірибенің арқасында келесі толқын соншалықты ауыр болмайтынын баса айтты. Оның айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау Қытай, АҚШ немесе Еуропа елдеріне емес, эпидемияны бақылауда ұстау деңгейі төмен елдердегі жағдайға байланысты.