Ұн мен астық экспорты 34 процент өсті.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бидай мен ұнның шет елдерге жеткізілімі ұлғайған. Ауғанстан мен Өзбекстанға экспорт артып келеді. Мароккоға 60 мың тонна астық жіберілсе, Вьетнамға 15 мың тоннаны жөнелту жоспарланып отыр. Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы партия ұн мен астық жөнелтілді.