Хабар телеарнасы

Таиланд жағажайларына сирек кездесетін тасбақалар оралды

tasbaka

Коронавирустың салдарынан курорттар босап қалды.

Соның нәтижесінде экологтар соңғы жылдары азая бастаған жануарларды Пхукет жағажайларынан кездестіруде. Туристердің жоқтығынан сирек кездесетін тасбақалар да жұмырталарын тастай бастаған. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Айта кетсек, Таиландтағы ең ірі теңіз тасбақалары жойылып кету қаупінің алдында тұр. Сонымен қатар аймақта басқа да теңіз жануарлары мен дельфиндер көбейген.