Хабар телеарнасы

Сингапур ғалымдары Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын есептеді

Koronavrustyn ayaktaluy

Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады.

Болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды. «Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді», – деп хабарлайды Naked Science. Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті. Науқастар саны 2 маусымда 97%, 14 маусымда 99% азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.
Сингапур ғалымдары: «Пандемия әлем бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 пайыз аяқталады», – деп болжап отыр. Дегенмен қандай болжам жасалса да, сақтық шараларын ұстанып, індеттен абай болуға шақырады.

Зерттеушілердің пікірінше, жасалған барлық есептеулерді зерттеу ретінде қабылдау керек және олар дәл келмеуі де мүмкін.