Түрікменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов 73% дауыспен жеңіске жетті
Сердар Бердімұхамедов былтырдан бері үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Елді 15 жыл бойы басқарған оның әкесі Гурбангулы Бердімұхамедов ақпанда жас басшыларға жол бергісі келетінін мәлімдеген. Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі наурыздың 19-ы өтеді.