Хабар телеарнасы

Ресейдегі апаттан қазақстандықтар зардап шекті

Көлікте 22 қазақстандық болған. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 12 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, екеуінің жағдайы ауыр. Автобус Қостанайдан Екатеринбургке бағыт алған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, отандастарымыз көрші елге жұмысқа бара жатқан. Көлік иесі жол апаты көктайғақтың кесірінен болғанын айтады.