Түркияда 5,6 балдық жер сілкінісі болды
Бұл жолы зілзаладан елдің шығысындағы Малатья провинциясы зардап шеккен. 30-ға жуық ғимарат құлап, 1 адам опат болды. Ондаған тұрғын жарақат алған. Апат аймағында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал ақпанның 6-нан бері елде 10 мыңнан аса дүмпу тіркелген. Мамандар: «Жерасты дүмпулері бір жылға дейін жалғасуы мүмкін»,–дейді. Жер сілкінгенде үйлердің құлауына байланысты 184 адам тұтқындалды. Соңғы мәлімет бойынша, елде жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 44 мыңнан асты.