Өзбекстанда биыл су кодексі қабылданады
Жамбыл өңіріндегі бұл мәселеге қатысты жауапты ведомство қырғыз тарапымен келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. Ал оңтүстіктегі өзге аймақтарға су жеткізу үшін экология министрлігінің өкілдері Өзбекстанда іссапарда жүр. Алдағы күндері Өзбекстан «Чарвак» қоймасынан дарияға қосымша секундына 100 текше метр тіршілік нәрін жіберуі мүмкін. Сол арқылы Түркістан және Қызылорда облыстарын, вегетациялық кезеңде сумен қамтуға жол ашылады. Айта кетер жаңалық, Өзбекстан биыл су кодексін қабылдамақ. Заң жобасы елде тіршілік нәрін ысырап етушілерге бақылауды күшейтеді. Құжат Парламентте қаралып жатыр. Көршіміз суды көп қажет ететін мақта өсіруден 2030 жылға қарай бас тартуды жоспарлап отыр.
Галидулла Азидуллин, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:
-Талас өзені бойынша 1 тамызға дейін келісіміміз бар. Секундына 45 текше метр жіберу жөнінде. Су шығару объектілерінде соңына дейін жеткізу мақсатында кейбір күндіз алған шаруаларда түнгі уақытта жауып, судың бар көлемін өзеннің соңғы ағысына дейін жеткізуге тырысып жатырмыз.