Израильдегі қазақстандықтарды қайтаруға ұшақ ұшып шықты
Израильдегі қазақстандықтарды Отанына қайтаратын ұшақ Алматыдан Тель-Авивге ұшып шықты. Ол шамамен сағат түнгі он екілерде қайтып келуі керек. Еске салып кетейік, Таяу Шығыстағы қарулы жанжал төртінші күн бойы жалғасып келеді.
Израиль авиациясы Газа аймағындағы нысандарды бомбалап жатыр. Қос тараптың өкілдері адам шығыны жөнінде соңғы ақпарат жариялады. Израиль денсаулық сақтау министрлігі 900-ден аса адам қаза тапқанын жариялады. Арасында 123 жауынгер болған. 2,5 мыңдай адам жараланды. Палестина билік өкілдері 700-ден аса адам қаза тапқанын мойындады. 3 700 тұрғын жараланған. Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, олар Израиль аумағы мен Газаның кейбір аудандарында бір жарым мыңдай Хамас жасақшысының денесін тапты. Алайда бұл ақпарат расталған жоқ. Кепілге алынған 100-150 адам палестиндік анклавқа айдап әкелгені белгілі. Олардың арасында шетел азаматтары бар, дені — таиландық жұмысшылар. Бұл елдің 30 мыңдай азаматы Израильде, негізінен ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Соңғы оқиғаларға байланысты Бангкокта оларды еліне қайтара бастады.