Хабар телеарнасы

Түркияда 2025 жылы салықтар мен төлемдер 40% арттырылады

Оған елдегі инфляцияның шарықтауы себеп. Өткен айда ол 43,93%-ті құрады. Тап осы индекс келесі жылға мемлекеттік бажды қайта есептеу үшін негіз болған. Сарапшылар: «Бұл елге көп өзгеріс әкелуі мүмкін», - дейді.

Түркияда 2025 жылы қайта бағалау коэффициентіне сәйкес елде 1-ші қаңтардан бастап жүргізуші куәлігі, төлқұжат, автокөлік салығы, ұялы телефон салығы, жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар 43,94 пайызға өседі. Мысалы, үшжылдық шетелге шығу визасының бағасы $163-тан $235-ке дейін артады. Ал Б санатының жүргізуші куәлігі үшін төлейтін сома $151-ден $218-ге көтеріледі. Сондай-ақ шетелден әкелінген мобильді телефондарды тіркеу бағасы да қымбаттайды. IMEI нөмірін тіркеу үшін бұрынғы 930 доллардың орнына 1 340 доллар төлейтін болады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандар үшін айыппұлдар да өседі. Сонымен қатар автокөлік иелерінен алынатын жыл сайынғы көлік салығы да көтеріледі.

Салық түрі

2024 жыл

2025 жыл

 

Төлқұжат      

163$

235$

 

 

Жүргізуші куәлігі

151$ 

218$

 

Ұялы телефонды заңдастыру

930$

1340$

 

Шетелге шығу визасы

15$

21$

 

Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар

44$

64$

             

Мехмет Шимшек, Түркияның Қаржы және қазына министрі:

- 2025 жылы қаржы саясаты биылғы жылдан гөрі қатаң болады. Бірақ ол бюджет тапшылығы мәселесін шешуге көмектесуі мүмкін. Елдің кіріс саясаты да жақсаруы керек. Инфляциямен күресу үшін мемлекеттің бақылауындағы бағалар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оның деңгейін қатты шарықтағанға дейінгі межеге жеткізу үшін шамамен 3,4 жылдай кетуі мүмкін.

Дегенмен жеке сектордың инфляцияға қатысты болжамы өзгеше. Кәсіпкерлер ел экономикасын алда әлі ауыр сынақтар күтіп тұр деп ойлайды. Бірақ Түркияның Қаржы және қазына министрі Мехмет Шымшектің жақында жасаған мәлімдемесіне қарағанда дефляциялық процес қазірдің өзінде қоғамының барлық саласында сезіліп, оң әсер ете бастаған.

Мехмет Шимшек, Түркияның Қаржы және қазына министрі:

- Инфляцияның бір таңбалы санға түсуі біздің бағдарламамыздың ең маңызды тармағы. Инфляция 2025 жылы айтарлықтай төмендейді, - деп болжап отырмыз. Бірақ оның деңгейін қалыпты жағдайға жеткізу үшін 2,5-3 жылдай уақыт керек. Қазір валюталық құбылу едәуір азайды.

Сарапшылар шешім экономикадағы кейбір салаларда бағаның қайта өсуіне әкеліп, инфляциялық қысымды арттыруы мүмкін деп отыр. Ал үкімет болса, бұл шаралар қазіргі кездегі жағдайда экономиканы тұрақты басқару үшін қажет, - дейді.

Меруерт Қанағат