Жасанды интеллект жаһандық ақпарат алмасу кеңістігінде кеңінен қолданыста

  • 2300
  • 10.04.2024, 19:16

Қазақстан медиа нарығына үш жылдан бері енгізіліп келеді. Оның көмегіне әлемдік ақпарат агенттіктері жүгінеді. «Алайда оған нақты дереккөз ретінде қарауға болмайды. Тек мәлімет жинауда, ақпарат жазуда жәрдемші құрал ғана»,-дейді VІІ Халықаралық журналистика форумында сөз алған білікті журналист-сарапшылар.

Жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің медиа мамандары қатысты. Айтуларынша, жасанды интеллектінің журналистикаға енуі – заңды құбылыс. Ол ауқымды ақпаратты өңдеуді, алдын ала болжам жасауды жеңілдетеді. Дегенмен ақ пен қараны айырып, шынайы әрі нақты ақпарат беруде журналист өз түйсігіне жүгінуі керек.

Гүлмира Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі:
- Технология барынша дамығанымен, ол адамның орнын баса алмайды.
Не болмаса ол адамның кейбір қызметін жақсартса да. Алдағы уақытта қандай қатерлер бар? Ол – ақпараттық қауіпсіздік жағынан қатер. Бұл – коммерциялық құпиялар қатері. Сондай-ақ жеке, дербес мәлімет қатерлері. Қаржылық саладағы. Сонымен журналистикадағы контентті ұрлап, көшіру, өңдеу мәселесі. Сондықтан да әлем алаңдауда.