Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен Ойыл және Ырғыз ауданының оқушылары аралық емтихан тапсырмайтын болды. Қазір бұл өңірлерге сабақ онлайн өтіп жатыр. 1135 оқушы қорытынды сынақтан босатылды. Сондай-ақ үйлерін қарғын су басқан отбасы балаларына қала сыртындағы лагерьге тегін жолдама беріледі. Жалпы облыс бойынша 156 мың оқушыға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарланған.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:-Су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы ауыл балаларын қалаға алып келіп, қаланың көрікті жердерін аралатып, ойын-сауық орындарында, басқа да түрлі қызықты саяхаттар ұйымдастырылатын болады. Бұл мақсатқа да жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып отыр және сонымен бірге 5000-ға жуық баланы облыстың туристтік аймақтар деп аталады, киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылатын болады.