Келер жылы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толады. Мерекеге орай Сұлтан-Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан. «Алаш» идеясы және біртұтас Түркі әлемі» атты орыс тіліндегі монографиясы жарық көрді.
Кітаптың тұсаукесеріне қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және білім саласының өкілдері мен жастар қатысты. Еңбекте бұрын-сонды жарияланбаған құнды деректер қамтылған. Мәселен, Жапония мұрағатынан табылған құжатта «Алашорда» атауына қатысты нақты жауап берілген. Енді 2026 жылы Әлихан Бөкейханның 28 томдық шығармалар жинағы шығарылады.
Сұлтан-Хан Жүсіп, алаштанушы ғалым:
- Біріншіден, бұл кітапта Алаш тарихы 180 градусқа бұрылып, зерттелді. Өткені бұған дейін біздің тарихшылар айтуы бойынша Алаш автономиясы жарияланған жоқ. Алашорда үкіметі болыпты-мыс. Айналайын-ау, Үкімет пен мемлекет бөлінбейтін құбылыс. Алашорда болса, Алаш мемлекеті болды деген сөз.