Астанада жасанды интеллект мектебі ашылды

  • 34
  • 23.06.2025, 18:48

Астанада жасанды интеллектіге оқытатын жазғы мектеп ашылды. Ол ІТ университет алаңында өтеді. Жоба аясында ІТ саласындағы мұғалімдер мен қызметкерлер әлемдік стандарттарда жасанды интеллектпен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді. Қазақстан, Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген сарапшылар қатысатын бес күндік білім беру бағдарламасы 30-дан астам дәріс пен воркшоптан құралған. Қатысушылар жасанды интеллектіні ғылым мен қоғамдық өмірде қолдану жүйелерін үйренеді. Жазғы оқытудың мақсаты – жаңа буын мамандарын қалыптастыруға, сондай-ақ ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал ету. 

Асылбек Исахов, халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінің ректоры :

- Бұл мектеп екі бағытқа бөлініп жатыр, ол – жалпы және техникалық бағыт. Жалпы бағытта жасанды интеллектіні кәдімгі өмірде қолдануға арналған бағыт. Ал техникалық ол терең мамандандырылған бағыт болып саналады.