ЕҰУ-де қазақ-француз халықаралық конференциясы өтті

  • 44
  • 24.06.2025, 18:35

Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ-француз халықаралық конференциясы өтті. Шараның басты мақсаты – логика, математика, лингвистика бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу.

Іс-шара осымен сегізінші рет өткізілді. Алғаш рет Францияның Марсель қаласында 1992 жылы ұымдастырылыпты. Екі елдің ғалымдары одан кейінгі кезеңде Алматы, Қарағанды қалаларында бірнеше рет бас қосқан. Әр жылдары біздің ұстаздар Еуропада тағылымдамадан өткен. Білім берудегі бұл әдістемелерді қазақстандық оқу кеңістігіне енгізуге болады.

Данияр Қозыбаев, Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ Механика-математика факультетінің деканы:

- Бізде доктарантураның қалыптасуына шетелдік модельді қолдана бастадық қой. Ол бір ғана жағы. Математика, логикамен айналысатын жалғыз Франация емес, басқа жақтан да ғалымдар келіп жатыр. Ғылыми байланыстың географиясын кеңейтуге ықпал жасайды.