Елде бейнебақылау камералар саны 3 млн-ға көбейеді

  • 45
  • 26.06.2025, 18:48

Яғни екі есе көбейеді. Мұны бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты. Қазір елімізде ведомствоға қарасты 1 млн 400 мыңдай камера бар. Енді олардың саны 2 млн 900 мыңға жеткізіледі. Бүгінде 400 мыңдай камера жедел басқару орталығына қосылған. 19 мыңы жасанды интеллекті элементтерімен жабдықталған. Яғни назарына түскен адам жайлы барлық ақпаратты құзырлы органға дереу жіберіп отырады. Олардың көмегімен әсіресе, іздеуде жүргендерді жедел табуға болады. «Ақылды камералар кісі бет-әлпетін өзгертсе де, анықтай алады»,– дейді министрлік өкілі. Енді аталған камералардың да қатары 4 есе көбейеді. 

Сәкен Сәрсенов, ҚР ІІМ орынбасары:

-Осы 1-2 жылдың ішінде соның санын 80 мыңға жеткізу. Ол өте күшті профилактикалық эффект болады деп ойлаймын. Екіншіден қылмысты ашу мерзімі қысқарады және де осы цифрлық технологиялар көмегімен қылмыстардың 80% осы цифрлық технологиялар ашылады.