Елордада АҚШ үкіметінің алмасу бағдарламасының 100 түлегі USG Alumni Leaders in Action 2025 форумына қатысты. Олардың қатарында танымал кәсіпкерлер, белсенділер мен қоғам қайраткерлері бар. Форум барысында үздік бастамалар USG Alumni Award сыйлығымен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шетелде тегін осы бағдарлама бойынша білім алуға құмартқандар саны артып келеді. Биыл үздік түлектер сегіз номинация бойынша іріктеліпті.
Дана Насымбаева, бағдарлама жетекшісі:
-Іріктеу критерийлері өте жоғары, әрі қатал. Орындар саны шектеулі. Бір қуантарлығы, елге оралғысы келген түлектер жаңа ізденіспен, қоғамға жақсы көмек болатын жобамен оралады. Тіпті қорлар да ашып жатыр. Мұндағы әрбір адам табысты, жеткен жетістігі жоғары.