Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттерден 6,5 млрд теңге қарастырылған. Қомақты қаржының басым бөлігі ауылдық ұйымдарға бөлінген.
Бұл Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу мектеп кешені. 1991 жылы ашылған нысаннның төбесінен жаңбыр жауса су ағып, мұғалімдер мен оқушыларды әуреге түсіретін. Биыл оқу ордасына 216 млн теңге бөлініп, ғимараттың шатыры толық ауыстырылады.
Ләззат Жолмұқанова, мектеп директоры:
-Жұмысшылар жоғарыда жүріп біздің өзіміздің аумағымыз 2400 кв метр, сол жерде жұмысшылар жұмыс істеп жатыр. Реновация деген программаға кіріп тұрмыз. Сол программа бойынша кабинеттерімізге жаңа кабинеттер келіп жатыр.
Биыл өңірде 35 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Оның басым бөлігі аудандарда орналасқан. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 4,5 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек мектеп, балабақшаларға ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Әсел Оразбаева, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
-Негізінен бұл ауылды жерлерде жұмыс жүргізіледі. Петропавл қаласында күрделі жөндеуден өтетін бір мектеп. Ағымдағы жөндеуге 2 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 59 білім беру нысаны ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары тамыз айының ортасына дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар өңірде жаңа оқу жылы 2 мектеп пайдалауға беріледі.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков