«Дарын» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштер қабылданып жатыр

  • 221
  • 11.07.2025, 18:36

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштер қабылдау жүріп жатыр. 

Байқауға шығармашыл және ғылым мен спортта жетістікке жеткен жас буын өкілдері қатыса алады. «Дарын» сыйлығы дәстүрлі түрде 10 номинация бойынша өтеді. Үміткерлерден құжаттар 27-ші тамызға дейін қабылданады. Ал «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініш берудің соңғы күні - 18-ші тамыз. Жеңімпаз 3 млн теңгеге ие болады. Грант алты бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі. 

Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

- 2025 жылы әкімдіктер ақпараты бойынша жергілікті бюджеттен 277 өңірлік грант беру жоспарлануда. Бұл ретте әкімдіктер гранттың саны мен мөлшерін, сондай-ақ бағытын дербес бекітетінін атап өткен жөн. 

Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Себебі қай уақытта да жастар – еліміздің даму драйвері. «Дарын» сыйлығы және «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты байқауларында барлық талантты және талапты жастар бақ сынасады.