1 қыркүйек күні 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Биыл ел бойынша 4,1 млн бала білім алады. Қазір Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп бар.
Бірінші сынып оқушыларының саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде 50 мыңнан астам бала мектепке барды. Одан кейін Алматы облысында 35 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Астанада - 33 мың, Алматыда 31 мыңнан астам бала білім жолын бастады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл өңірлердегі бірінші сынып оқушыларының көп болуы халық саны мен туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты.