Білім беру гранттарына қатысуға өтініштерді тапсыру 30 шілдеге дейін ұзартылды
- Категория: Білім және ғылым

Фото: zanmedia
«Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Грантқа құжаттарды екі жолмен тапсыруға болады:
- eGov арқылы (бейненұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген);
- ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).
Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.
Тегтер:
білім беру,
Білім беру гранттары,
өтініштер,
өтініш беру,
құжат тапсыру,
талапкер,
egov,
құжаттар қабылдау,