Елімізде шетел университеттерінің бөлімшелері пайда болады
Оный айтуынша, мұндай қадам білім қуып, шетелге ағылатын жастардың санын қысқартуға көмектеседі. Сондай-ақ 2025 жылға дейін мемлекет тарапынан үлестірілетін грант саны 50% артады. Жас ғалымдар да назардан тыс қалмайды. Оларға арнап мың грант бөлу жоспарланған.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
- 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі. 800 жаңа мектеп салынады. 5000 ауыл мектебі жаңартылады. Колледждерде 9-сынып негізінде білім беру толығымен тегін болады. 10 колледж бизнеске сендіріліп, басқаруға берілді. Бұл тәжірибені одан әрі жалғастыру қажет.