60 жылдық үзілістен кейін «Манас» эпосы қазақ тілінде қайта басылып шықты
Айта кетейік, қырғыз халқының шығармасын қазақ оқырманына алғаш рет Шоқан Уәлиханов таныстырған. Одан кейінгі кезеңде Мұхтар Әуезовтың бастамасымен төрт томдық жарық көрді. Ол еңбектер бүгінде сирек кітапқа айналды. Манасшы Баянғали Әлімжанов осыны ескеріп әрі эпостың мазмұнын барынша ықшамдап аударыпты. Бір кітапта Манас, оның баласы Семетей, немересі Сейтіктің ерлігі толық қамтылған. Автордың айтуынша, жинақ – Қазақстан мен Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту.
Баянғали Әлімжанов, мәдениет қайраткері:
- Өте көркем қуатты дүние. Әлемдегі ең мықты таңдаулы эпостардың қатарында тұрған қазына. Мұның ішінде қазаққа қатысты жалпы түрікке қатысты да тарих бар. Біздің қазақ балаларының енді іздеп тауып оқитын «Манасы» бар. Халыққа таралғаны жақсы. Әсіресе бұл электрондық біздің ұлттық кітапханаға салып қоятын болса, электронды жүйе арқылы бүкіл әлемге қолжетімді болады деп ойлаймын.