Елімізде шетелдік 9 ЖОО филиалы ашылады
Қазақстанда 2029 жылға дейін 9 танымал әлемдік университеттің филиалдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Азия университеттері альянсы саммитінің аясында Астанада өтіп жатқан ұйым президенттерінің форумында айтылды. Ал бұған дейін бірнеше халықаралық жоғары оқу орнының өкілдіктері ашылды. Жиынға қатысқан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанда ғылымға көңіл бөліне бастағанын атап өтті. Мәселен, 2027 жылға қарай ғылыми зерттеулерді қаржыландыру деңгейін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін жеткізуді жоспарланған.